Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет ..., печатный экземпляр отправим ...
Опубликовать статью

Молодой учёный

Рапс өнімділігіне фунгицидтердің әсері

Молодой ученый Қазақстан
07.04.2020
50
Поделиться
Библиографическое описание
Аринов, Б. К. Рапс өнімділігіне фунгицидтердің әсері / Б. К. Аринов, Н. Ж. Алпысбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 15 (305). — С. 418-420. — URL: https://moluch.ru/archive/305/68607/.


Ауыл шаруашылығы өндірісінде рапс майлы және малазықтық дақыл болып саналады. Сол себепті жылдан-жылға рапс дақылына деген сұранс артуда. Біздің зерттеуіміздің мақсаты рапс дақылының өсіп-дамуы барысында ауруларға шалдығуын бақылау жіне өнімділігіне фунгицидтердің әсерін зерттеу.

Кілттік сөздер: фунгицидтер, альтернариоз, пестицид, өнімділік.

В сельскохозяйственном производстве рапс является масличной и кормовой культурой. Поэтому из года в год увеличивается спрос на семена рапса. Целью нашего исследования является изучение влияния фунгицидов на урожайность и контроль заболеваемости в процессе развития культуры рапса.

Ключевые слова: фунгициды, альтернариоз, пестициды, урожайность.

Ауыл шаруашылығы — біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар [1].

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеңін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: майлы дақылдардың егіс алаңы 2015 жылы 2,0 млн. гектарды немесе жалпы егіс алаңының 9,5 %-ын құрады. 2011 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың жалпы алаңындағы күнбағыстың үлес салмағы 15,6 пайызға қысқарды, бұл ретте рапстың үлесі — 3,6 %-ға, зығырдың үлесі 13,4 %-ға, май бұршақтың (соя) үлесі — 1,3 %-ға ұлғайды [2].

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШС-гі жағдайында рапс дақылынафунгицидтерді қолданану және сараптама жасай отырып өнімділігіне баға беру.

Зерттеу жүргізудің орны мен әдістемесі:

Зерттеу жүргізу орны Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШC-гі жағдайында зерттеу жұмыстары атқарылды. Рапс дақылын себу жұмыстары — 17 мамыр, себу тәсілі қатардағы, себу мөлшері — 2,5 млн/га, суармасыз аймақ жағдайында зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде — рапстың «Герос» сорты алынды.

Зерттеудегі тәжірибе алаңының ені — 12 м, ұзындығы — 100,0 м. Бір мөлдектің жалпы ауданы 1200,0 м2. Тәжірибедегі қайталанымдар саны — 3.

Зерттеу жүргізу жұмыстарының әдістемелері: Рапс дақылының фенологиялық даму кезеңдерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ауылшаруашылық дақылдары сорттарын сынау әдістемесі негізінде жасалынды [3].

Рапс дақылының өнімділік құрылым элементтері мен биологиялық өнімділіктерін әдістемеге сай зертханада жұмыстар атқарылды [4].

Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығына сәйкес фунгицидтер таңдалынып алынды [5].

Рапс дақылынан алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін Б. А. Доспехов әдістемесі бойынша математикалық талдаулар жүргізілді [6].

Зерттеу нәтижелері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШC-гі жағдайында рапс дақылының зерттеу жұмыстарының нәтижелері төмендегі кестелерде көрсетілген. Рапстың фенологиялық кезеңдерін бақылау барысында, шанақтану-гүлденуі кезеңінде альтернариоз ауруына шалдығу байқалды (кесте 1).

Кесте 1

Рапстың өсіп-даму кезеңдері бойынша аурулармен залалдануы, 2019

Рапстың өсіп-даму кезеңдері

Аурулармен залалдануы

Өну

-

Егін көгі

-

Жапырақтану

-

Сабақтану

-

Шанақтану

Альтернариоз

Гүлдену

Альтернариоз

Бұршаққындардың пайда болуы

-

Пісу

-

Өнімді пісу

-

* Ескертпе: (-) ауру байқалмады.

Рапс өсіп-даму кезеңдері барысында шашақтану және гүлдену фазаларында альтернариоз ауруымен зақымдалуы байқалды.

«Ақмола облысы, Сандықтау ауданы «Каменка и Д» ЖШС-гі жағдайында рапс дақылының аурулармен залалдануы деңгейі төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте 2).

Кесте 2

Рапс дақылын альтернариоз ауруына қарсы фунгицидпен өңдеу тиімділіктері (%), 2019 ж.

Зерттеу нысаны-рапс дақылы (Герос сорты)

Аурулармен залалдануы,% оның ішінде: альтернариоз ауруына қарсы

өңдегенге дейін

өңдегеннен кейін

1

Өндеусіз (бақылау)

29,5

32,5

2

Амистар экстра 280, с.к

29,9

8,4

3

Пиктор, 40 % к.с

28,9

14,7

Рапс дақылының альтернариоз ауруымен залалдануы: шанақтану-гүлдену кезеңінде байқалды. Осыған орай Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген фунгицидтер анықтамалығына сәйкес Амистар экстра 280, с.к. фунгицидімен өңделген танап 29,9 % дан -8,4 % -ға кеміді. Сонымен қатар Пиктор, 40 % к.с фунгицидімен өңделген танап өңделгенге дейін 28,9 % аурулармен залалданса, өңдеуден кейінгі нәтижесі — 14,7 %-ды құрады.

Танаптағы рапс дақылының шанақтану-гүлдену кезеңінде Пиктор, 40 % к.с фунгицидімен өңдеу өте жоғары көрсеткішке ие болды.

Кесте 3

Рапс дақылының танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы, 2019 ж.

Зерттеу обьектісі рапс дақылы

Танаптық өнгіштігі

Өсімдіктердің сақталуы

дана, м2

%

дана, м2

%

1

Өндеусіз (бақылау)

206

82,4

145

70,3

2

Амистар экстра 280

213

85,2

167

78,4

3

Пиктор, 40 % к.с

215

86,0

165

76,7

Рапс дақылының танаптық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталуы көктемгі танаптық өнгіштік өңдеусіз мөлдектерде (бақылау нұсқасы) 206 дана/м2, бұл 82,4 %-ды құрады, ал өсімдіктердің сақталуы 145 дана/м2, яғни 70,3 %-ды қалыптастырды. Ал, Амистар экстра фунгицидің қолданғанда танаптық өнгіштік 213 дана/м2 болы, бұл көрсеткіш 85,2 %-ды құрады. Өсімдіктердің сақталуы бойынша 167дана/м2, 78,4 % құрады. Пиктор, 40 % к.с фунгициды қолданғанда танаптық өнгіштік 215 дана/м2 86 %. Өсімдіктердің сақталуы 165дана/м2 76,7 %құрады.

Кесте 4

Рапстын өнімділік құрылым элементтері, 2019 ж.

Зерттеу обьектісі рапс дақылы

1 м2 алаңдағы өсімдіктер саны, дана

1 өсімдіктегі дән саны, дана

1000 дәннің массасы, г

Биологиялық өнімділік, ц/га

Нақты өнімділік, ц/га

1

Өндеусіз (бақылау)

162

143

4,3

10,0

9,1

2

Амистар экстра 280

167

150

4,5

11,2

10,0

3

Пиктор, 40 % к.с

165

147

3,9

10,1

9,4

1000 дәннің массасы бойынша өңдеусіз бақылауда 4,3 г, Амистар экстра 280 4,5, Пиктор 40 % к.с 3,9 г көрсетті.

Рапстын өнімділік құрылым элементтерін зерттеу нәтежиелері бойынша өңдеусіз бақылау нұсқасында биологиялық өнімділік 10 ц/га, Амистар эктра 280 фунгицидімен өнделген мөлдектерде 11,2 ц/га, Пиктор, 40 % к.с фунгициді 10,1 ц/га құрады. Мұнда фунгицидтермен өнделген мөлдектер өнделмеген мөлдектерге қарағанда 0,1–1,2 ц/га қосымша өнімді қалыптастырды.

Нақты өнімділікті ең жоғары көрсеткен амистар фунгициді 10 ц/га. Өңдеусіз бақылау 9,1 ц/га өнім нақты өнім. Пиктор,40 % к.с фунгициді 9,4 ц/га нақты өнім берді.

Әдебиет:

  1. ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. [Электрон.ресурс.]. — URL: http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy.
  2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. [Электрон.ресурс.]. — URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000894.
  3. Методика проведения сортоиспытания сельскохозяйственных растений. Утверждена приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от «13» мая 2011 года № 06–2/254.-81 c.
  4. Практикум по растениеводству. Можаев Н. И., Аринов К. К., Шестакова Н. А., Искаков М. А., Серекпаев Н. А. изд. Третье, доп. и перераб., Астана — 2014, 309 с.
  5. Қазақстан Республикасының территориясында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығы. [Электрон.ресурс.]. — URL: https://moa.gov.kz/documents/1549367142.
  6. Доспехов Б. А. Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исследований). — 5-е изд., доп. и перераб.-М.: Агропромиздат, 1985. — 351 с, ил. — (Учебники и учеб. пособия для высш. учеб. заведений).
Можно быстро и просто опубликовать свою научную статью в журнале «Молодой Ученый». Сразу предоставляем препринт и справку о публикации.
Опубликовать статью
Ключевые слова
фунгицидтер
альтернариоз
пестицид
өнімділік
Молодой учёный №15 (305) апрель 2020 г.
Скачать часть журнала с этой статьей(стр. 418-420):
Часть 6 (стр. 379-455)
Расположение в файле:
стр. 379стр. 418-420стр. 455

Молодой учёный